Штаттық режимде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін облыстың қалалары мен аудандарында халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Алайда Өскемен мен Семейдегі мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын қайта бастаған жоқ.
– Өкінішке орай, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа да міндеттерді орындауға қайта бағдарланғандықтан, біз сондай-ақ автокөлік иелеріне мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді көрсете алмаймыз. Қандай да бір іркілістер туындаған жағдайда жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бірлесе отырып, біз барлық қиындықтарды жеңіп, елімізді даму мен өркендеу жолына қайтаратынымызға сенімдімін, – деп атап өтті Азамат Есембулов.