«Тәуелсіздік – елдігімнің тірегі» атты салтанатты жиынға келген ұстаздар 25 жылда білім саласындағы жетістіктерді атап өтіп, шешімін таппаған өзекті мәселелерді талқылады.
Айта кетсек, ағымдағы жылы өткен тамыз конференциясы барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстағы мектептерге жаңа автобус алу басты мақсаттардың бірі екендігін айтып өткен. Осыған орай бүгінгі күні 18 автобус алынып, салтанатты шарада мектеп басшыларына кілттер табысталды.
Сонымен қатар, жұмысында жоғары көрсеткіштке жеткен екі білім мекемесіне 500 мыңнан бастап 5 млн. теңгеге дейінгі аралықта сертификаттар табысталды.
Салтанатты шара мекерекелік концертпен жалғасып тапты.