Сергей Шойғу Ресейдің Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Путин оны басқа қызметке тағайындады, - Dalanews.kz.
Енді экс-министр Шойғу Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарады. Ал бұл қызметте болған Николай Патрушев қызметінен кетті.
"Патрушев басқа жұмысқа ауысуына байланысты хатшы қызметінен босатылды. Ол әлі жұмысын жалғастырып жатыр, алдағы күндері қайда тағайындалғанын хабарлаймыз. Шойғу Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымында Президенттің әскери-өнеркәсіп кешені жөніндегі комиссиядағы орынбасары болады", - деп түсіндірді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Бұған дейін Ресейдің үкіметі толық отставкаға кеткен болатын. Бұл Владимир Путиннің президенттік мерзімінің аяқталуына байланысты автоматты түрде болатын процесс.
Бұған дейін Госдума депутаттары Михаил Мишустиннің премьер-министр болып қайтадан сайлануына дауыс берген болатын.