Қонаев қаласы әкімдігі Қапшағай су қоймасына келіп шомылатын көпшілікті суға түсу ережесін сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрметті демалушылар, қала қонақтары!
Суда жүзу ережесін әрдайым есте сақтаңыздар! Бейнероликте қарапайым ережелер көрсетілген. Осы талаптарды орындаған кезде оқыс оқиғалардың алдын алуға болады!
Сақ болыңыздар! Адам өмірі – мемлекетіміздің басты құндылығы!
Өкінішке қарай, елімізде шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кеткен.