Шымкентте туристерге арналған навигациялық стелалалар орнатылуда

Шымкентте туристерге арналған навигациялық стелалалар орнатылуда
Шымкентке келген қонақтарды қаланың көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында шаһардың Туризм басқармасы ірі көшелерінің қиылысына ақпараттық навигациялық стелалар орнатуда.

Навигациялық стела – бұл жақын орналасқан туристік нысандар туралы ақпарат көзі ретінде қызмет ететін, әрі аймақта жылдам бағыт алуға жағдай жасайтын шағын көлемді дизайн.

Бүгінгі таңда аталған навигациялық стелалардың бірі – Б. Момышұлы және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орнатылды. Алдағы уақытта бұдан өзге 29 стеланы орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.