Шымкентте пандемия кезінде ақша жымқырған шенеуніктің ісі қаралып жатыр

Көркем Алдабергенова 30 қыр. 2025 15:22

Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы орынбасарына қатысты іс аяқталуда, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шымкентте алаяқтық, пара алу және ақша жымқыру бойынша айыпталып отырған Манат Сарбасовтың ісі аяқталуға жақын.

"Қазақпарат" мәліметінше, тергеу нұсқасына сәйкес, ол пандемия кезінде қызметтік өкілеттігін пайдаланып, медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде ұрлық схемасына қатысқан.

Айыпталушының туыстары 34 млн теңгеге пәтер сатып алып, кейін оны 92 млн теңгеге сатқан.

Сот отырысында оның туыстары, кәсіпкерлер, риелтор және тіпті сантехник те куәлік берді. Қазір қазылар алқасы тараптардың пікірталасына кірісті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар