Құрылыс басқармасы келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін мердігерлерге 12,5 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шымкенттегі құрылыс саласы қайтадан назарға ілікті. Қалада ондаған нысан салынып жатыр, алайда сонымен бірге олқылықтар да анықталып, олардың саны өсіп келеді. Ал кейбір компаниялар нақты қаржылық жауапкершілікке тартылып отыр.
Құрылыс басқармасында хабарлағандай, 12,5 млн теңге сомасында айыппұлдар мердігерлерге де, техникалық және авторлық қадағалау өкілдеріне де салынды.
Мердігер ұйымдар — 8,4 млн теңге
(жоспардан артта қалу және жұмыстың сапасының төмендігі)
ТОО «Югстройсервис-Н», ТОО «А.Р.Т-Құрылыс», ТОО «АША»
Техникалық және авторлық қадағалау — 340 мың теңге
(келісім-шарт шарттарын дұрыс орындамау)
ТОО «ИНСТАТ», ТОО «Дан-Строй-Проект», ТОО «АлГарСтрой Проект», ТОО «Шаңырақ ордасы»
Кепілдік мерзімі — 3,75 млн теңге
(кепілдік міндеттемелерді бұзғаны үшін сот шешімі бойынша айыппұл)
ТОО «Грант мастер»
— Биыл Шымкентте 110 нысан салу жоспарланған. Оның 65-і жыл соңына дейін пайдалануға берілсе, қалған 45-і келесі жылға қалмақ, — деді қалалық құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев.
