Шығыста тұңғыш рет өткізілген 140 шақырымдық ат бәйгесі өз мәресіне жетті

Dalanews 18 мау. 2019 04:34 1283

Ат жарысы үшкіндік "Тұғыры биік Тарбағатай" өнер мен спорт фестивалі аясында өтті.


Таңғы сағат 4-те 140 шақырымға арналған ат бәйгесі басталды.


Қазақстанның әр аймағынан келген 106 шабандоз Көкпекті ауылынан Ақсуат ауылына дейін бәйгеге түсті. Жарыстың шынайы әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында жылқылар GPS жүйесімен қамтамасыз етілді.



Қазақ күресінен Халықаралық федерациясының вице-президенті Батырхан Қамынханұлының мәлімдеуінше, бұл елімізде осындай қашықтықта өткізіліп отырған тұңғыш бәйге.


- Ат жарысы Елбасының " Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында ат жарысы мен атбегілікті жандандандыру мақсатында өткізіліп отыр. Бүгін Шабандоздар үшін үлкен мереке болды. Жылқылар ұзын қашықтықта жоғары шыдамдылықтарын көрсетіп, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптей түстік,-деді Батырхан Қамынханұлы.


Шабандоздар 8 сағаттан астам жол жүріп өтті. Үлкен жарыстың жеңімпазы Көкпекті ауданының тұрғыны Руслан Шаяргазин атанды.


- Бүгін үлкен жарыс болды. Жол жүру барысында қиындықтар болды. Бірақ аттарымыз шыдамдылық танытып, бірнеше мәрте демалып, ақтық мәреге бірінші жеттік. Астымдағы тұлпарымның жағдайын ұдайы бақылап, төзімділігінің нәтижесінде жеңімпаз атандық,- деді қуанышын жасыра алмаған шабандоз. 



Бұл күн қазақстандық ат спорты тарихына енері сөзсіз.


Ұйымдастырушылар комитетінің өкілі, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков:


-Еліміздің Шығысында халықаралық бәйгенің өтуі-қазақстандық ат спортында айтулы оқиға. Жарысқа арнайы дайындалған жүйріктер қатысып, марафондық шыдамдылық танытты. Бұның барлығы үлкен табанды еңбек.


Алдағы уақытта бұл бәйге түрін өткізуді дәстүрге айналдырмақпыз. Қатысушылар тізімі де кеңейетін болады, - деді.


Сонымен қатар фестиваль аясында әр қашықтықта тай жарысы, жорға жырысы, тай бәйге және аламан бәйге өтті.


Жарқын Сәленұлы, журналист:


ШҚО, Тарбағатай ауданында ұлттық бəйгенің тарихи сəтіне куə болдық.


Тəуелсіздік тарихындағы ең алыс қашықтық 140 шақырымдық ұлы аламанның бас бəйгесін Алматы облысы Талдықорған қаласының тұрғыны Рүстем Досжановтың жирен төбелі(қыз жирен) қанжығалап тарихқа енді. Екінші орын Зайсанда өткен 130 шақырымдық бəйгеде 2-орын алған атқа бұйырды.


Қазақтың жылқы тарихының жаңа парағы мен тынысы ашыла түсті...


[video width="720" height="1280" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2019/06/10000000_442499609882133_4478398151710239569_n.mp4"][/video]


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар