Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1 ақпаннан бастап 3513 мемлекеттік қызметшілер бірыңғай құзыреттер шегі шеңберінде тестілеуден өтті оның ішінде «өте жақсы» – 35,6%, «тиімді» – 61,4%, «қанағаттанарлық» – 2,8%, «ең аз» – 0,2% нәтиже көрсетілді.
Екінші деңгейдегі әңгімелесу кезеңі басталды, атап айтқанда облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың басшылық құрамындағы мемлекеттік қызметшілерімен әңгімелесу өткізілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 24 сәуіріне дейін өтетін әңгімелесу кезеңінен аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, аппарат басшылары, ауылдық окруктерінің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары және облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері.
Екінші деңгейдегі аттестаттау комиссияларының құрамына қоғамдық кеңестердің, қоғамдық бірлестіктердің және депутаттық корпусының өкілдері өтеді кіреді.
«Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудың мақсаты – кәсіби дайындық деңгейін және лауазымына сәйкестігін анықтау.
Сонымен қатар, аттестаттау мемлекеттік қызметте одан әрі жоғарлау үшін мемлекеттік қызметшілердіңынтасын айқындауғамүмкіндік береді.