Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді цифрландыру ісіне баса мән бергенін ескерсек, бұл бағытта қолға алынған жұмыстардың қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі өңірдегі тау-кен өндірісі, транспорт, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау мен білім беру және мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыруға баса көңіл бөліп отырғанын білеміз. Алдағы уақытта әкімдік жанынан құрылған орталық осы бағыттағы жұмыстардың алға басып, дамуына дем беретіні анық.
Айталық, 2017-2020 жылдар аралығында Өскемен мен Семей қаласындағы жол көлік қозғалысын бақылау, қос қаланы жарықтандыру жүйелерін толықтан цифрлық жүйеге көшірілмек. Сонымен қатар Өскемен мен Семейдің тұрғындары таяу болашақта қалалардағы бос жерлерді электронды картадан ешқандай кедергісіз көре алатын болады.