2026 жылдан бастап Қазақстандағы салық органдары шетелден қаржыландыру алатын жеке және заңды тұлғаларды бақылауға алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа шаралар қаражаттың жұмсалу мақсатын тексеру және салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мәліметтерді уақтылы бермеу, кешіктіру немесе бұрмалау жағдайында жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға 50-ден 250 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Ал салық төлеуден қасақана ірі көлемде жалтарған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
