Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің бірі енді тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталады.
Алматы облысындағы "Баянқол" шекара бөлімшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.
Премьер-министр Асқар Мамин тиісті үкімет қаулысына қол қойды.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын", - делінген құжатта.Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.