Турсынбек Қабатовтың қызының сөзі жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды dalanews.kz.
«Мені хейт ететіндер өмірде ештеңеге жетпеген, ауылдан шыққан адамдар. Ал мен 14 жасымда керемет билеймін, коньки тебемін, футбол ойнаймын. Сендер осылай істей аласыңдар ма? Жоқ. Мүмкін физикалық тұрғыда емес, бірақ өздеріңді ауылдың адамдары секілді ұстанасыңдар, колхозсыңдар», – деді ол видеода.
Желіде тараған видео қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бірқатар қолданушылар бұл сөздерді ауыл тұрғындарын кемсіту деп бағалап, құқық қорғау органдарының құқықтық баға беруін талап етуде.