Сенатор Әйтімова: "Жер дауы? Бұған депутаттар жауапты емес"

Dalanews 25 мам. 2016 09:57 854

Сенатордың айтуынша, жер туралы заңда ешқандай жаңалық жоқ. Сол себепті оны халыққа түсіндіру қажет екені оның ойына да келмеген.

"Жоқ, онда ешқандай жаңалық жоқ қой. Ол кодексте тек қана өзгерістер. Уақыты, арендаға беретін уақыты тек қана өзгеріп, 15 жылға ұзартқан. Сондықтан (түбегейлі – авт.) өзгеріс болмағандықтан, өз басым түсіндіруім керек деп ойыма да келмеген. Ал кейін егер де халықтың, әсіресе, түсінбеушілікке байланысты, әсіресе, оны басқаша қабылдауға байланысты оқығанда...Ал, көбінесе, мен ойлаймын, дұрыстап ол заңды оқымаған сияқты деп ойлаймын өз басым. Сондықтан жалпы біздер Парламентте жұмыс істегенде, мына Сенатта біздер заңды талқылағанда менің айтатын бір нәрсем – бұл заң халық үшін жасалып жатыр. Сондықтан ол түсінікті тілде жазылу керек деп... Анау заң жобаларына (талқылауға – авт.) келеді ғой. Үкімет мүшелері, негізінен үкімет мүшелері, әлде депутаттар бар. Сондағы негізі, шынында да, заңды оқу...білу керек. Заңға түсініктеме алу үшін бізден сұрасын. Біздер әруақытта дайынбыз", - деді Б.Әйтімова.

Дереккөзbaq.kz


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар