Семейдегі көше тақтайшасында Сәкен Сейфуллиннің аты-жөнінде қате кеткен

Семейдегі көше тақтайшасында Сәкен Сейфуллиннің аты-жөнінде қате кеткен
Семейдегі Сәкен Сейфуллиннің есімі берілген көше тақтайшасында жазушының аты-жөнінде қате кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Семейдегі Сәкен Сейфуллиннің есімі берілген көше тақтайшасында жазушының аты-жөнінде қате кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Тақтайшаны жаңартқанда ақынның тегінде “л” әрпі түсіп қалған. Жауапты тұлғалар олқылықты дереу түзеуге уәде берді. Мердігер мекеме тақтайшалардың бәрін ауыстыратын болды.

“Қате байқаусызда болды. Жіберілген қатені түзеп, Сейфуллин көшесіне қайтадан тақтайша ілеміз. Конкурс ұтып алған мердігер ұйым қалпына келтіреді”, – деді Семей ТКШ бөлімінің маманы Қанатжан Жылқыбаева.