Freedom Inside '26

Семейде көліктен екі адам өлі табылды

Семейде көліктен екі адам өлі табылды
gov.kz

Семейде көліктен екі адам өлі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес марқұмдар Газель маркалы көлік салонында болған.

"Көлік оталып тұрған және ішінен жабылған. Дене жарақаты мен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі - улы газдан улану", - деді Абай облысы ПД өкілі.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.