Freedom Inside '26

Семейде газ жарылып, от тұрғын үйге тарады

Семейде газ жарылып, от тұрғын үйге тарады
pixabay.com

Түнде Семей қаласындағы 3-Омбы көшесінде жеке үйдің шаруашылық қосалқы ғимараты өртенді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін қосалқы құрылыста газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Осыдан кейін жалын көрші тұрғын үй мен гаражға тез таралып, маңайдағы нысандарға қауіп төндірген.

Өрт 148 шаршы метр аумақта оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.