Семейде ер адам полиция бөлімінің алдында аяусыз соққыға жығылған. Абай облысының Полиция департаменті осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы бір адамның орналасқан жері анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес жанжал тараптар арасындағы өзара келіспеушілік негізінде туындаған", - деп жазылған хабарламада.