Семейде автобус пен көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Семейде автобус пен көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар
Абай облысының полиция департаменті

Семейде маршруттық автобус солға бұрылған кезде жолда тұрған JETOUR X70 көлігін қағып, жол апатынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жол-көлік оқиғасы 16 қыркүйек күні сағат 13:10 шамасында Қаржаубайұлы – Энергетик көшелерінің қиылысында болған.

Полиция мәліметінше, автобустың 50 жастағы жүргізушісі солға бұрылу кезінде көлікті басқара алмай, жолда тұрған JETOUR X70 автокөлігіне соғылған.

Апат салдарынан зардап шеккендер бар. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп, оның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.