Сәуірден бері іздеуде болған павлодарлық ер адам Қарағанды облысынан аман-есен табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Шілдеде полицияға ер адамның анасы хабарласып, ұлы сәуір айында үйден шығып кеткенін, содан бері оралмағанын әрі байланысқа шықпағанын айтқан.
Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары хабар-ошарсыз кеткен азамат Қарағанды облысы Саран қаласы маңындағы далада жүргенін анықтаған.
"Ер адам табыс табу үшін жұмысқа кеткен. Жолда телефонын жоғалтып алғандықтан, жақындарымен байланыса алмаған. Жаңа телефон сатып алуға қаражаты болмаған", - деді ІІМ өкілдері.
Павлодар облысы Полиция департаменті мәліметінше, оған ешқандай қылмыс немесе құқықбұзушылық жасалмаған.