Шәкір Кейкин Атырау әкімі қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол бұл қызметті 2023 жылғы шілдеден бері атқарып келген еді. Қала әкімі қызметіне кім тағайындалатыны әзірге хабарланған жоқ.
Шәкір Кейкиннің отставкасы қала басшылығына қатысты бірқатар даулы оқиғадан кейін болды. Кейінгі айларда Атырау тұрғындары ауа сапасына жиі шағымданып жүр.
Жазда әкімнің орынбасары Мейіржан Мұқасов пен әкім міндетін атқарушы Тілек Махуов ұсталғаны белгілі болған еді. Бұл істер бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Бұл ретте Шәкір Кейкин аталған істер бойынша күдікті ретінде танылған жоқ.