Майғазиев үш жұмыс орнынан түсетін қаражаттың банк карталарын – Динара ханымға басыбайлы табыстап қойған. Тіпті, әлі күнге пин-кодының да қандай екенін бейхабармын, – дейді Сәкен сері! Себебі, құжатқа құнтсыз, күйбең тірліктің ұсақ-түйегіне салғырт екен.«Кейбір кезде емханаларға барамын ғой енді, анасына айтамын: анасы жүрші менімен бірге. Менен медбике бірдеңе сұрап қалады, мен білмеймін деп», – дейді Сәкен Майғазиев.
Әр ісіне тым мұқият – Асылбек Еңсепов отбасылық бюджет тұрмақ, ас үйді де жеке бақылауында ұстайды. Жұбайына да керек-жарағын өзі сатып әкеліп беруге бар.
«Бір жерде тамақ пісіріп жатса да, айтып кетемін так мына жерді дұрыс істемей жатсың, ананы қосып жібер деп мысалы. Үй жиналмай тұрса да айтып кетемін. Сондықтан, сейфтің кілтінің бәрі біздің қалтамызда», – дейді Асылбек Еңсепов.
Отбасылық бюджетті толтыру да, оны орнымен жарату да Арман мен Аша үшін тым қиын тірлік. Олар бұл мәселеде әлі де ортақ шешім таба алмаған.
«Аша да жақсы табады, мен де табамын. Ашаның өзінің ақшасы бар бөлек. Мен жинаған енді отбасылық ақша», – дейді Арман.
«Ол көбінесе Арманның өзінде болады. Сондықтан да, мен көбінесе өзімнің ақшамды жұмсап қоямын», – дейді Аша.
Дастан Оразбеков пен жұбайының отбасылық бюджеті мүлде басқа жанның қолында. Табысымызды түгел Дастанның анасының қолына әкеліп саламыз дейді, – Жанат келін.
Дереккөзі: stan.kz