Сайлауға қатысу үшін уақытша тіркелуге мүмкіндік беріледі

Сайлауға қатысу үшін уақытша тіркелуге мүмкіндік беріледі
Фото: ЖИ

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге тұрмаған қазақстандықтарға дауыс беруге мүмкіндік жасалады. Олар сайлау учаскесінің мекенжайына бір күнге уақытша тіркеле алады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл қызмет сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 221 сайлау учаскесінде көрсетіледі. Аталған учаскелерде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары кезекшілік атқарады.

Уақытша тіркеу тек сайлауға қатысу мақсатында рәсімделеді және келесі күні автоматты түрде күшін жояды.

Ал тұрақты немесе уақытша тіркеуі бар азаматтар өздері тіркелген мекенжайға қарасты сайлау учаскесінде дауыс беруге тиіс.