«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтар күні сағат 14-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 43,9 пайызы алды.
Олардың ішінде: Ақмола облысы – 41,3, Ақтөбеде облысы – 41,1, Алматы облысы – 43, Атырау облысы – 37,3, Батыс Қазақстан облысы – 47,5, Жамбыл облысы – 55,1, Қарағанды облысы – 51,6, Қостанай облысы – 49,9, Қызылорда облысы – 48,7, Маңғыстау облысы – 36, Павлодар облысы – 51,1, Солтүстік Қазақстан облысы – 58,2, Түркістан облысы – 46,6, Шығыс Қазақстан – 48,8, Нұр-Сұлтан қаласы – 37, Алматы қаласы – 21,9, Шымкент қаласы – 44,5 пайыз», - деді Ерлан Дауылбаев.
Оның атап өтуінше, сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16-00 ұсынылады. Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22-00-де беріледі.