"Сабыр сақтаңыздар!" ТЖМ Қытайда 6 рет жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді

Сағыныш Сардарова 31 қаң. 2024 10:57 2218


Төтенше жағдай министрлігі жер сілкінісі бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәліметінше, өткен тәулікте, яғни 30 қаңтарда Қытай аумағында 6 жер сілкінісі тіркелген.


Оның ішінде біреуі ғана Қазақстан аумағында 4.27-де сезілді. Оның эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Алматы қаласында 2 балл болып сезілген. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ.



"Жағдай тұрақты. Азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береміз", - деді ТЖМ баспасөз қызметі өклідері.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар