Сондай-ақ, саяси оқиғаларды да ұмытпаған. "Валют Транизит банкінің қожайыны, түрмеде көз жұмған Андрей Беляев, Виктор Храпунов, бұрынғы Еңбек министрі Серік Әбенов, экс-мәжіліс депутаты Ғани Қасымовтардың есте қалаларлық сәттерін енгізген. Сонымен қатар, Қызылағаш, Жаңаөзен, Алматыдағы террористік әрекеттер де қамтылған.
Бір таңғаларлығы Тұңғыш президент қоры роликтің атауын да орысша қоған әрі соңында "С Днем независимости" деп аяқтаған. "Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!" деген бір ауыз сөз жаза салу қиын емес еді. Онсызда дыбыссыз, тек суреттер арқылы бейнеленген бейнеролик қой...
https://www.youtube.com/watch?v=k3yP1oKEZjk