Әлеуметтік желіде Рудныйдағы мектептердің біріне қылмыстық шабуыл жасалатыны туралы хабар тарады. Полиция бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Рудный полиция басқармасының мәліметінше, әлеуметтік желілерде мектептердің бірінде белгісіз адамдар қылмыс дайындап жатқандығы туралы жалған ақпарат таратылған.
Бұл дерек полицияда тіркелген. Жарияланымның авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
"Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, хабарламаның қайта бағытталуына жол бермеуін және тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз", - делінген полиция хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.