Риддерде жалғыз қазақ мектебі жаңадан ашылды

Риддерде жалғыз қазақ мектебі жаңадан ашылды
видео кадры

Риддер қаласында қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектеп-гимназия жаңа ғимаратқа көшіп, оқушыларға есігін айқара ашты, деп хабарлайды dalanews.kz "Жетінші арнаға" сілтеп.

Заманауи білім ұясы 600 балаға арналған. Ал бұрынғы ғимарат 35 жылдан асқандықтан, әбден ескіріп, апат жағдайында деп танылған.

Жаңа мектепте оқу процесі заманауи талаптарға сай ұйымдастырылады. Мұнда IT сыныптар, шеберханалар, зертханалар және оқушыларға арналған демалыс бөлмелері бар.

Жаңа нысан Риддердің шалғай аудандарынан келетін жүзден аса баланы қабылдамақ.

Айта кетейік, қаладағы 16 мектептің 12-сі орыс тілінде білім береді. Ал үшеуі - аралас мектеп.