Ресейден әкелінген қызанақтан зиян вирус табылды

Сағыныш Сардарова 02 нау. 2026 12:22

Ресейден әкелінген қызанақтан зиян вирус табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы фитосанитария бақылауы барысында Ресей Федерациясынан әкелінген қызанақтың 130 қаптамасынан сынама алған.

"Фитосанитария" РМК жүргізген фитосанитария сараптамасының қорытындысы бойынша зерттелген үлгілерден қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus, ToBRFV) анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Әкімшілік іс материалдары Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove