Ресей мен Қазақстанның операциясы: екі күн ішінде 286 қылмыскер ұсталды

Сағыныш Сардарова 20 қаз. 2025 11:32

Қазақстанда екі күн ішінде 286 қылмыскер ұсталды. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанға бірлескен іздестіру шараларын жүргізу үшін Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің іздестіру тобы келген.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары Полиция департаменттерінің жедел топтары да Ресейге барып, осындай іс-шаралар өткізген.

"Екі күн ішінде 286 қылмыскер ұсталды. Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен 55 адам, соның ішінде кәмелетке толмаған сегіз бала табылды", - деді ІІМ криминалдық Полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар