"Біз 200 рубльге Зюгановтың туған жері Мымрино деревнясы мен омарталарын бейнелеуді лайықты деп ұсынамыз. Бұл Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының (РФКП) лидері Геннадий Андреевичке және еліміздің омарташыларына көрсеткен құрметіміздің белгісі болады. Ал 2000 рубльге Владимир Жириновскийдің туған қаласы Алматының көрінісін берсек, бұл – Ресей мен Орта Азия достығының белгісі" делінген Жириновский жетекшілік ететін партия таратқан мәлімдемеде.
Ұзақ жылдар басқарған коммунистер билігінен бар болғаны бал ғана қалды. Ал Қазақстан Ресейдің сенімді серіктесі. Сондықтан мұндай купюра номиналдары біздің кезеңіміздің символы деп есептейді либерал-демократтар.
Дереккөзі: rgmedia.kz