Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері елдің бірнеше өңірінде 22 украиналық ұшқышсыз ұшу аппаратын жойды. Бұл туралы 11 наурызда Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, Мәскеу уақытымен 08:00-ден 14:00-ге дейін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері ұшақ типіндегі 22 украин дронын анықтап, атып түсірген.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сегіз дрон Қара теңіз акваториясында жойылған. Тағы төрт ұшқышсыз аппарат Курск және Белгород облыстарының үстінде атып түсірілген.
Сонымен қатар Пермь өлкесінде үш дрон жойылған. Краснодар өлкесінде екі ұшқышсыз аппарат, ал Қырым аумағында бір дрон атып түсірілген.
