Freedom Inside '26

Ресей шабуылдарынан Украина ауыл шаруашылығы 11 млрд доллар шығынға батты

Ресей шабуылдарынан Украина ауыл шаруашылығы 11 млрд доллар шығынға батты
usp-ltd.org

Украина билігі Ресейдің шабуылдары салдарынан елдің ауыл шаруашылығы саласына келтірілген шығын көлемін 11 миллиард доллар деп бағалап отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Киевтің мәліметінше, шығынның едәуір бөлігі ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының жойылуынан келген. Жойылған техниканың құны 6,5 миллиард долларға дейін жетеді. Сонымен қатар астық сақтау қоймалары сияқты инфрақұрылым нысандары бүлініп, ауыл шаруашылығы өнімдері ұрланған немесе жойылған.

Соңғы уақытта шабуылдар әсіресе Одесса облысында күшейген. 2026 жылдың басынан бері порт инфрақұрылымына 180-нен астам соққы жасалған. Бұл көрсеткіш бүкіл 2025 жылғы шабуылдар санымен тең.

Кей кезеңдерде өңірдің экспорттық мүмкіндігі 20-30 пайызға дейін қысқарған. Салдарынан ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелге жеткізу айтарлықтай қиындаған.

Шабуылдардан халықаралық агроөнеркәсіп компанияларының нысандары да зардап шеккен. Атап айтқанда, Bunge және ADM кәсіпорындарының объектілері соққыға ұшыраған.

Украина тарапының бағалауынша, нақты шығын көлемі бұдан да жоғары болуы мүмкін. Өйткені есепке алынған тікелей материалдық залалдан бөлек, жоғалған табыс пен басқа да жанама экономикалық салдарлар бар.

Bloomberg мәліметінше, соғыс жағдайы Украина ауыл шаруашылығының өндірістік және экспорттық әлеуетіне елеулі әсер етіп отыр.