Референдум–2026: алдын ала нәтижелер жарияланды

Көркем Алдабергенова 16 нау. 2026 11:14

Жаңа Конституция жобасына қатысты өткен республикалық референдумға Қазақстанда және шетелде 9 127 192 адам қатысқан. Бұл - дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 73,01%-ы, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 7 954 667 адам немесе 87,15% жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс берген.

Ал 898 099 азамат қарсы дауыс берген.

Осылайша референдум өтті деп саналады. Өйткені дауыс беруге қатысқан азаматтар саны референдумға қатысу құқығы бар адамдардың жартысынан асты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove