Референдум-2022: елорда учаскелерінде сайлаушылардың қатары қалың
Елордадағы сайлау учаскелерінде қала тұрғындары Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдау немесе оған қарсы дауыс беру үшін кезекте тұр. Демалыс күніне қарамастан барлық учаскелерде сайлаушылардың көптігі байқалады.
Нұр-Сұлтанда таңғы сағат 7-ден бастап 348 учаске жұмыс істейді, оның 248-і – ашық, 35-і – жабық, тағы 65-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.