Freedom Inside '26

Қызылордада үш күн бұрын із-түзсіз жоғалған 6 жасар қыз бала өлі табылды

Қызылордада үш күн бұрын із-түзсіз жоғалған 6 жасар қыз бала өлі табылды
qazaqstan.tv

Қызылордада үш күн бұрын із-түзсіз жоғалған 6 жасар қыз баланың денесі Сырдария өзенінен табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құтқарушылар баланың мәйітін қаладан шамамен 20-30 шақырым қашықтағы Әйтек су торабынан анықтаған.

Полицияның мәліметінше, тексеріс барысында мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.