Қызылорда облысында жаңа туған нәрестелердің құқықтары бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Қазалы аудандық прокуратурасы денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізген талдау барысында аудандық аурухана қызметінен бірқатар заңбұзушылықты анықтаған.
Атап айтқанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жаңа туған сәбилерді "Ана мен бала" жиынтығымен толық қамтамасыз ету талаптары сақталмағаны белгілі болды.
Прокуратура мұндай олқылықтар азаматтардың, соның ішінде жаңа туған нәрестелердің конституциялық құқықтарының бұзылуына әкелгенін атап өтті.
Қадағалау актісі нәтижесінде тиісті шаралар қабылданып, бұзылған құқықтар қалпына келтірілген.
"11 жаңа туған нәресте қажетті "Ана мен бала" жиынтығымен қамтамасыз етілді", – деп мәлімдеді прокуратура.