Белгілі әнші Қыдырәлі Болман желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Бүгін 20-тамыз, қасиетті жұма күні Алматының орталық мешітіне барып, ақ некемізді қидырдық…. "Ей мейірімді Алла, өзің қостың, енді өзің екеумізді ажыратпа! Бақыт бер, арамызға адалдық, ынтымақ-бірлік бер, бірлігімізге береке бер" деп тілеген күніміз бүгін. Аллаға сансыз мадақ! Алла бере салғандарымды тоғыз ай көтеріп, әрқайсын өмір мен өлімнің арасында айқасып, дүниеге келтіретін ардақты аналарымызды ардақтай алу да – бір бақыт!
Асыл жарым, өмірлік серігім, балапандарымның анасы – Қақатыма да ризалығым шексіз! Жақсы көремін, жан-жарым. Алла ұзағынан сүйіндірсін! Ең үлкен бақыт – балаларымыздың бақытын көрсетсін! Шүкір етеміз!
Сіздерге де бақыт-береке, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Мемлекетіміз, еліміз, жеріміз аман болсын!" – деп жазды өнер иесі.