Тренинг жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаты, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігінің төрағасы Альберт Рау, этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар өкілдері қатысты.
Қатысушылар өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, сондай-ақ этносаралық қатынастарды дамыту ісіндегі бірлескен жұмыстың жобалары, мүмкіндіктері мен перспективалары туралы айтты.
Іс-шарада этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетудегі қоғамның драйвері – Қазақстан жастары болып табылатыны атап өтілді.