Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Белгілі болғандай, Қанат Айтбаев пен Света Айтбаеваның шаңырақ көтергеніне 33 жыл толған.
Осыған орай Света Айтбаева оқырмандары мен жақындарына жылы лебіздері үшін алғыс айтты.
"Отбасымыз аман болсын! Құттықтап жатқан баршаңызға мың алғыс!" – деп жазды ол.