Құны 600 млн теңге тұратын темекі тәркіленді

Сағыныш Сардарова 19 қыр. 2025 17:03

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысында темекінің ірі партиясын заңсыз әкелудің жолын кесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл 12 қыркүйекте Жамбыл облысындағы шекарада ҰҚК Шекара қызметі жүк пойызын тексеру барысында 890 980 темекі қорабын тапқан.

"Темекіні құрылыс материалдары түрінде мемлекеттік шекарадан ілеспе құжаттарсыз алып өтпек болған. Алдын ала бағалау бойынша бұл тауардың құны 600 млн теңгеден асады. Жүгі бар вагон ажыратылып, процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар