Құндыз бен Назгүлдің бұрынғы қамқоршысы Зулфия Төленоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Іс биыл жыл басында қозғалып, кейін сот қарауына берілген. Бірінші сатыдағы сот Зулфия Төленованы 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған. Алайда Төленова сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.
Апелляциялық сот отырысы алдағы күндері өтуі тиіс. Сондықтан іс бойынша түпкілікті шешім апелляциялық сатыдағы соттың қарауынан кейін белгілі болады. Ал Құндыз бен Назгүл қазіргі уақытта Тараз қаласындағы арнайы орталықта тәрбиеленіп жатыр.
Мәлімет бойынша, балалардың жағдайы тұрақты, көңіл-күйлері жақсы. Іске қатысты қосымша мәлімет апелляциялық сот шешімінен кейін белгілі болмақ.