Құлсарыдағы жарылыс: «Ниет» жанармай құю бекетінің директоры ұсталды

Көркем Алдабергенова 21 шіл. 2025 13:36

Құлсарыдағы "Ниет" жанармай құю бекетінің директоры қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шамамен екі ай бұрын Құлсары қаласындағы «Ниет» жанармай құю бекетінде жарылыс болып, қайғылы оқиға болған еді. Жарылыс салдарынан Беркін Ібетов пен Мейрамгүл Сарбасова есімді ерлі-зайыпты көз жұмған еді.

Жақында ғана марқұмдардың жақындарына ресми өлім туралы куәлік берілген.

Енді Атырау облыстық арнайы тергеу соты жанармай бекетінің директорын үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Жарылыстың нақты себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен, бұған дейін ТЖД өкілдері газдың сыртқа шығуы мен ұшқыннан тұтану нұсқасын алға тартқан. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар