Атырау облысының прокуратурасы қоршаған ортаны қорғау қызметінің басым бағыты болып табылатын қауіпті қалдықтардың айналымын тұрақты қадағалауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Атырау облысының прокуратурасы табиғатты қорғау саласының басым бағыты болып табылатын қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.
"Каспий нефть" АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды", - делінген хабарламада.
Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесінде сот "Каспий нефть" АҚ-ны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салды.
Айта кетейік, KASE мәліметтері бойынша, "Каспий нефть" акцияларының 100 пайызы Тимур Құлыбаевтың Joint Resources АҚ-на тиесілі.