Қуандық Бишімбаев Ұлттық экономика министрі

Dalanews 06 мам. 2016 03:44 1884

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Қаламқас Хасенеева ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жаңа министр Қуандық Бишімбаевты ұжымға таныстырғанын мәлім етті.

Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы 1980 жылы 11 сәуірде дүниеге келген. 1999 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон атындағы Университет жанындағы Менеджмент және Бизнес Мектебін (АҚШ) бітірген. Бизнес басқару магистрі дәрежесіне ие болған. 2002 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

2001-2002 жылдары - «Қазақстан даму банкі» АҚ бас менеджері.

2002 жылдың тамыз айынан 2003 жылғы наурызға дейін - Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің функционалдық талдау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық жоспарлау және талдау басқармасы бастығының орынбасары.

2003-2005 жылдары «Ұлттық инновациялық қоры», «Маркетингтік және талдаулық зерттеулер орталығы», «Ордабасы» Корпорациясы» акционерлік қоғамдарында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.

2008-2010 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2010-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2011-2013 жылдары - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылдың 22 мамырынан «Бәйтерек» ҰБХ» басқарма төрағасы қызметін атқарып келді.

Қазақпарат


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар