ҚТЖ. Жүк айналымы қарашада 6,8%-ға өсті

Dalanews 11 жел. 2019 08:20 782

2019 жылдың қарашасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісі бойынша жүк тиеу 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға артып, 22,3 млн тоннаны құрады.

Эксплуатациялық жүкайналымы 20,9 млрд т-км неттоны құраса, бұл өткен жылдағыдан 6,8%-ға көп.

Коммуналдық және тұрмыстық қажеттіліктер үшін көмір тиеу толық көлемде қамтамасыз етілген. Қарашада 9,6 млн тонна көмір тиелсе, соның ішінде қазақстандық тұтынушылар үшін – 7 млн қатты отын болса, бұл өткен жылғыдан 6,4%-ға артық. Көмір тасымалы бойынша айқындалынған көлемді орындау үшін жылжымалы құрам жеткілікті. Еліміз жылу электр орталықтарына стратегиялық жүк қорының көлемі Энергетика министрлігі бекіткен нормативтік деңгейден жоғары.

Қарашадағы қазақстандық астық тиеу 1,1 млн тонна, ұңтақ өнімі – шамамен 300 мың тонна, құрылыс материалдары – 1,5 млн тонна.


Ағымдағы жылдың 11 айында өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішіне қарағанда эксплатациялық жүкағаны 1,6%-ға өсті және 206 млрд тоннаға жетті.

Ал қаңтар, қараша айларында 233 млн. тонна жүк тиелді. Өткен жыл тиеліміне салыстырғанда шамалы төмендеу байқалады. Бұл жүк жөнелтушілер тарапынан көмір, қара метал, құрылыс жүктерін, астық және ұңтақ өнімдерін тасымалдауға өтінім берудің жоқтығымен байланысты.

95 мың тонна тас көмір тиелді, бұл ретте еліміз ішіне – 65 мың тонна. Астық – 9,4 млн тонна, бұл ретте еліміз ішіне – 3,1 млн тонна, бұл өткен жыл көрсеткішінен 13%-ға жоғары. Ұңтақ өнімі – 2,4 млн тонна, бұл өткен жылдық деңгейден 2%-ға жоғары, құрылыс жүктері – 19 млн тонна.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар