Қостанай облысында екі балықшы мұз астына түсіп кеткен

Сағыныш Сардарова 19 нау. 2026 11:15

Қостанай облысында екі балықшы мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кешкі уақытта Рудный қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан Сергеев су қоймасында төтенше жағдай болды. Мұз үстінде жүрген екі ер адам суға түсіп кеткен.

"Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен полиция қызметкерлері құтқару жұмыстарын бастады. Олардың үйлесімді әрекетінің арқасында екі балықшы да құтқарылды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметі арқылы Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді", - деді ТЖМ өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove