Freedom Inside '26

Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды

Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды
gov.kz

Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аймақтық прокуратураның мәліметінше, денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, аудандық аурухананың бас дәрігері және коммерциялық кәсіпорын директоры медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

Тергеу соты аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Прокуратура тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жария етпеді.