Бұл мәселеге қатысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы орындарға қорықшының өліміне себепкер болған күдіктілерді тауып, жазалауды тапсырды.
Қазір бай-бағландардың бірі мылтық асынып, шетінен аңшы болып кеткені жасырын емес.
Шындығында, оларды аңшы деп айтуға ауызың бармайды. Сыртқа шығып, арақ ішіп, жолындағының бәрін жайпап, аңды былай қойып, адамға да мылтық кезінетіндерді қалайша аңшы деп айтуға ауызың бармайды.
Ерлан Нұрғалиевті атқан қарақшылар қолға түскенімен, сол бір іс сағызша созылғаны жасырын емес.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметіне кіріскеннен кейін бір айдан кейін халықты қабылдағанда Е.Нұрғалиевтың ісін жүргізуші отбасының сенімді өкілі Ғалымжан Тәуекелов істің дұрыс тергелмей жатқанын айтқаны есімізде. Ол:
– Оқиға болған кезде тергеушілер қылмыс болған жерге кешігіп келген. Күдікке ілінгендер дер кезінде қамауға алынбағаны да біз үшін түсініксіз. Қазір күдіктілер өз атындағы дүние-мүліктерін жақындарының атына аударып, әуре болып жатыр, – деп істің аш ішектей созылып кеткенін алға тартып, ренішін білдіргені есімізде. Өз кезегінде министр бұл істі біржақты еткге уәде берген-ді.
Енді міне Қуаныш Нұртазин есімді қорықшы еріккен аңшылардың қолынан мерт болды. Оның артында бес баласы мен жесір келіншегі қалды. Олардың жайы не болады?
Егер қорықшыларды бұлайша ата берсе, елімізде табиғатты қорғайтын адам қалмауы мүмкін.