12 наурыз күні сағат 19:00-де Қонаев қаласының Орталық алаңында ерекше дрон-шоу ұйымдастырылады, деп хабарлайды Dala News.
Заманауи технология мен өнер тоғысқан шоу барысында аспанда түрлі жарық композициялары көрсетіледі.
Шара барысында көрермендер үшін концерттік бағдарлама ұсынылады.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын кешті бірге тамашалауға шақырады.
Өтетін орны: Қонаев қаласының Орталық алаңы.
Басталуы: 19:00-де. Кіру тегін.
